«Жамбыл облысы Әкімдігінің туризм басқармасының (әрі қарай) «Тараз-Туризм» туристік ақпараттық орталығы» КММ-сі коммерциялық емес ұйым болып табылады, заңды тұлға ретінде қызмет атқарады, келесі функцияларды жүзеге асыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған:
аймақтың туристік әлеуеті туралы ақпаратты қалыптастыру және тарату, туристік нарықта туристік өнімді дәріптеу және туризм саласында ғылыми-әдістемелік пен қамтамасыз ету.
Орталық қызметінің мәні – Жамбыл облысында туризмді дамыту саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.
1. Орталықтың мақсаты:
1) туристік қызметті дәріптеу және оны дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау, туристік қызметтің басым бағыттарын анықтау және қолдау;
2) Қазақстанның туристік мүмкіндіктері туралы ақпаратты қалыптастыру және тарату;
3) туристік өнімдерді халықаралық туристік нарықта және мемлекет ішінде дәріптеу;
4) Жамбыл облысындағы жаңа кәсіпкерлік субъектілерінің дамуына және туризм саласын ғылыми-әдістемелік пен қамтамасыз етуге жағдай жасау. Мақсатқа қол жету үшін Орталық келесі шараларды жүзеге асырады:
1) аймақта туризмді дамыту бойынша арнауы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
2) жарнамалық-имидждік қызмет, жарнамалық-ақпараттық өнімдерді шығару және тарату, аймақтың туристік әлеуетін көрсететін бейнелер мен жарнамалық өнімдерді шығару және көрсету;
3) аймақтағы туристік мүмкіндіктерді таныстыру үшін ұлттық және халықаралық туристік жәрмеңкелерге, биржалар, митингілер мен көрмелерге қатысу;
4) тақырыптық оқу семинарлары мен тренингтерін өткізу, сонымен қатар туризм саласындағы мамандар, гидтер, гидтер және туризм нұсқаушылары үшін оқу курстарын ұйымдастыру;
5) туристік индустрияға инвестициялар тарту үшін жағдайлар жасау;
6) туристік қызмет субъектілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша әдістемелік және кеңестік көмек көрсету;
7) туристік әлеуетті, туристік объектілерді және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды қоса алғанда, туристік ақпаратты ұсыну 8) уақытша болған елге (жеріне) кіру, сондай-ақ уақытша болған елінен (жерінен) кету ережелері туралы жергілікті және жергілікті халықтың әдет-ғұрыптары, діни жоралар, храмдар, табиғи ескерткіштер, тарих, мәдениет және туристік көрнекі басқа арнайы қорғаудағы объектілер туралы қажетті және нақты ақпарат беру;
9) шетелдік туристерге заңды және басқа да көмек түрлерін алуға көмек көрсету;
10) туроператорлар мен БАҚ өкілдері үшін жарнамалық турларды ұйымдастыру және өткізу;
11) туристік ақпаратты үнемі жаңартып отырумен әуежайда, теміржол және автостанциялар ғимараттарында және басқа жерлерде ақпараттық нүктелерді (тіректерді, жаймаларды) ұйымдастыру;
12) барлық қажетті ақпаратпен веб-сайтты ашу және жүргізу;
13) теледидарда, бұқаралық ақпарат құралдарында билбордтарда жарнамалауды
Тарих қазіргі заманмен тоғысқан өлке – Жамбыл облысына қош келдіңіз!