Тараз – Талас өзені бойында созылып жатқан тарихи қала. Ол V ғасырға дейін салынған. Тараз қаласы – мыңжылдықтарды еңсеріп, түрлі дәуірді басынан өткерсе де
құндылығы топырақ астында қалмай, тарих қойнауынан бүгінгі күнге дейін жеткен – жалқы шаһар. Қазіргі таңда қаланың халық саны: 357 663 адам.
Тараз қаласының халық санының 70% қазақтар. Қалада орыстар, өзбектер, корейлер, татарлар, түріктер, немістер, күрдтер, дүнгендер, қырғыздар, гректер, әзірбайжандар,
ұйғырлар, шешендер тұрады.
Тараз қаласы 1856 жылдан бастап Әулиеата атауын иемденіп жүрген болатын. 1936 жылы Мирзоян аты қойылды. Ал 1938 жылы жыр алыбы, суырып салма ақын атамыз Жамбыл Жабаевтың есiмi берілген. Қазақстан Республикасының Президентi 1997 жылы 8 қаңтарда тамыры тым тереңде жатқан көне қалаға ежелгі аты Тараз атауын қайтарды.
Уақыт тезінен өтіп, аты бірнеше рет өзгерген қалаға тарихи «Тараз» атауының қайтарылғанына биыл – 25 жыл!